Алматыда тағы бір көшеде жол қозғалысы үш айға шектеледі

Алматыда тағы бір көшеде жол қозғалысы үш айға шектеледі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда газ құбырын жаңалау жұмыстарына байланысты Папанин көшесінде жол қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл шектеу 2023 жылғы 15 тамыз бен 15 қараша аралығында Түрксіб ауданының Папанин көшесінің бойында, осы көшенің Беляков көшесімен қиылысынан бастап Руставели көшесінің қиылысына дейін қойылады (Папанин көшесі, 53а).

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұл жұмыс Алматының газ бөлу жүйесінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту және жерасты газ құбырларын жаңалау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл шара өз кезегінде апаттық жағдайлардың азаюына және мегаполис халқына үздіксіз газ беру мүмкіндігінің артуына септігін тигізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан