Түркістандық полицейлер адам өлтірген екі күдіктіге қатысты хабар бергендерге сыйақы ұсынып отыр

Түркістан облысының полиция департаменті "адам өлтірді" деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы – қамауға алу.

Облыстық полиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарлауды өтінді.

Ақпарат берген адам құпия болып қалады және арнайы сыйақы да қарастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!