Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай ұйымдастырылған көкпарда бір шабандоз құлап, жансақтауға түсті

Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай ұйымдастырылған көкпарда бір шабандоз құлап, жансақтауға түсті
Фото: Tengrinews.kz

Мәшһүр Жүсіптің мерейтойына орай ұйымдастырылған көкпарда бір шабандоз құлап, жансақтауға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 тамызда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда өткен көкпар ойыны кезінде шабандоз аттан құлап, жарақат алған. Алғашқы медициналық көмекті жедел жәрдем қызметкерлері берген. 

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты жедел түрде Екібастұздағы ауруханаға жеткізген. Пациент жарақаттың ауырлығына қарай жансақтауға жатқызылды. 

"Бүгінгі таңда науқастың жағдайы өте ауыр, комаға түскен, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", - деп хабарлады басқарма.

Айта кету керек, жансақтауға түскен шабандоз Павлодар ауданының көкпар құрамасында ойнайтыны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан