Тоқаев бірнеше тағайындау жүргізді

Тоқаев бірнеше тағайындау жүргізді
Фото: akorda.kz

Президент бірнеше тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина