Шығыс Қазақстанда тамызда қар жауды

Шығыс Қазақстанда тамызда қар жауды
Фото: Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында тамыздың ортасында қар жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұзтау шыңының маңайының видео-суреттері жергілікті парақшалардың бірінде жариялады.

"Тамыздағы алғашқы қар, ШҚО. Сонымен жақын арада Риддерде қар жауа ма?" - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Риддер-Лениногорск?? (@ridder.city)

"Кейінгі он жылда бұл уақытта қар түспеген", - деп жазылған Altay-pro лагері Instagram-парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова