Танымал актер Асылбек Боранбаевтың қызы тұрмысқа шықты

Танымал актер Асылбек Боранбаевтың қызы тұрмысқа шықты
Фото: instagram.com/guzelya1974

Танымал әзілкеш, "Тамаша" театрының директоры Асылбек Боранбаевтың қызы тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі мен жары Гюзель тойдан үзінді видео жариялады. 

"Жандарым, заңды некелерің құтты болсын",- деп жазды актердің жары Гюзель Ушурова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гузель Ушурова (@guzelya1974)

Өз кезегінде Асылбек Боранбаев instagram парақшасына "Қыз ұзату" видеосын оқырмандармен бөлісті. Тойға өнер адамдарының басым көпшілігі жиылғанын көруге болады. Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира екі жасты той төріне әндетіп алып шыққан. 

Желі қолданушылары қос ғашыққа құттықтау лебіздерін білдірді.

"Құтты болсын", "Балаларыңыз бақытты болсын", "Қызыңыз барған жеріне судай сіңіп, тастай батып, екі жас бақытты отбасы болсын", "Құтты болсын, ұзағынан болсын, Гузеля апай мен сіздің студентіңіз болғам, сіз өте жақсы жансыз", "Апай қызыңыз бақытты болсын",-деп жазды олар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы