Блогер күйеуіне екінші әйел сыйлады

Блогер күйеуіне екінші әйел сыйлады
Фото: Daryo

Әлеуметтік желіде әйел адам күйеуіне басқа әйелді сыйлағаны туралы видео тарады. Оқиға Өзбекстанда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daryo сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, видео Желі қолданушыларына ұнамаған. 

Видео авторы - жергілікті блогер болып шықты. Оның сөзінше, бұл әзіл ретінде түсірілген пранк екен.  

Артынша блогер бұл әрекеті үшін кешірім сұраған. Видео пранк болғанына қарамастан, әйел адам полиция бөліміне шақыртылып, профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Айта кетейік, Өзбекстанның Отбасы кодексіне сәйкес, кем дегенде біреуі басқа тіркелген некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға тыйым салынады. Яғни Өзбекстан заңы бойынша, екі не одан да көп әйелмен бірге тұруға болмайды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина