Әлібек Бақаев қызметінен босатылды

Әлібек Бақаев қызметінен босатылды
Фото: gov.kz

Әлібек Бақаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әлібек Бақаев 1981 жылы 9 ақпанда Алматы қаласында туған. 

2002 жылы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін ("аудармашы-синхронист" мамандығы), 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын ("Саясаттанушы"мамандығы) бітірген.

2004 жыл-Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің референті (ҚР СІМ).

2004-2008 жылдары-Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің атташесі.

2008-2009 жылдары-халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесші, Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі хаттамасының бастығы.

2009-2012 жылдары-Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің, Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары-ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті Азия диалог форумдары басқармасының бастығы.

2013-2015 жылдары-ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, міндетін атқарушы.

2015-2019 жылдары-ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2019 жылғы 4 қыркүйек - 2022 жылғы 21 қазан - Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 21 қазанына дейін-Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Княздігіндегі, Ватикан штатындағы Иерусалим, Родос және Мальта Госпитальерлерінің Егеменді Әскери ордені жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2022 жылғы 21 қазаннан бастап-Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина