Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды
Фото: mfa.kz

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. 

Айта кетейік, Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусым Түркістан облысы Ақсукент ауылында туған. 

1990-1993 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.
1993–1996 жылдары - атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;
1996–1999 жылдары - Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
1999–2000 жылдары - Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;
2000–2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
2001–2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;
2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;
2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина