Журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінту заңға сәйкес жүргізілді- Жетісу полициясы

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінту заңға сәйкес жүргізілді- Жетісу полициясы
Фото: Фото: Сандуғаш Дүйсенова. Facebook-парақшасынан алынған

Жетісу облыстық полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы заңның талаптарына сай тексерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облыстық полициясы таратқан мәліметте барлық әрекеттердің заң аясында болғаны айтылған. 

"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алғаны туралы ақпарат таратылуда. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында  азаматша Д. жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі" делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында. 

Сондай-ақ оны жеке тінту нәтижесінде тыйым салынған заттар табылмағаны айтылған. 

Осыған дейін Талдықорғандағы журналист Сандуғаш Дүйсенованың өзін полиция қызметкерлерінің жалаңаш шешіндіріп, тексергенін хабарлаған болатынбыз. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы