Ақтөбедегі көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды

Ақтөбедегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 44 адам эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды.

Сонымен бірге баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.

Өрт сағат 13:47-де сөндірілді. 20 шаршы метр аумақ өртенді.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз