Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады

Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады
Фото: elements.envato.com

Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында 34 миллиметр жауын-шашын түсті. Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1008 жұмысшы мен 640 бірлік техника жұмылдырылған.

Жаңбыр кезінде 8 ағаш құлаған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады.

Еске салайық, бұған дейін ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасағаны хабарланған еді.

Ведомство мәліметінше, Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашын жалғасуына байланысты қатты ағын, өзендердегі су деңгейі көтерілуі, су басу жағдайлары күтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова