Әлихан, Алдияр, Әмір. Қазақстандықтар маусымда жаңа туған сәбиге қандай есімді көп қойды?

Әлихан, Алдияр, Әмір. Қазақстандықтар маусымда жаңа туған сәбиге қандай есімді көп қойды?
Фото: © elements.envato.com

Қазақстандықтар маусымда жаңа туған сәбиге қандай есімдерді жиі таңдағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша биыл маусымда ер балаларға қойылған ең танымал 10 есім мынадай болды:

  • Әлихан - (298);
  • Алдияр - (262);
  • Әмір - (240);
  • Омар - (233);
  • Алан - (227);
  • Айсұлтан - (208);
  • Мұхаммед - (188);
  • Нұрислам - (182);
  • Хамза - (180);
  • Әли - (171).

Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылдан бастап Алдияр, Әмір және Омар есімдері танымал.

Ең танымал қыздардың есімдері:

  • Медина - (551);
  • Айлин - (482);
  • Айша - (452);
  • Асылым - (440);
  • Томирис - (305);
  • Сафия - (284);
  • Раяна - (283);
  • Айым - (266);
  • Амина - (257);
  • Аяла - (246).

Сарапшылардың пікірінше, екі жыл ішінде Айша есімі танымал болды. Томирис есімі бірден 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Сонымен қатар, қыздарға Раяна мен Аяла есімдері аз беріле бастады. Айзере тізімнен мүлдем жойылып кетті. Оның орнына София келді.

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта 189,5 мың бала дүниеге келді (ұлдар - 98 мың, қыздар - 91,5 мың).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова