"Тойсыз-ақ бақытты болып жүргендер көп..." Жазира Байырбекова ұзатуда кредит алмауға шақырды

"Тойсыз-ақ бақытты болып жүргендер көп..." Жазира Байырбекова ұзатуда кредит алмауға шақырды
Фото: zhazira_bairbekova/instagram

Танымал әнші Жазира Байырбекова қыз ұзатуға қатысты бірқатар кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі тойда қыздарға "сол әулетті бақытты етемін деп бар" деген ауыр тілек айтпау керегін айтады.

"Қыз ұзатуда:
1) иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы
2) Ұзатылар алдындағы қызға батаны сәукелені кигізіп болған соң беріңіздерші.
3) Құрбыларына тарататын үкіні аяғына қалдырмай тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы.
4) Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқанда тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші.
5) Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп қыз бен жігітпен бірге шықсын.
6) "Бақытты боламын деп барма, сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп слишком ауыр жүк артып тілек айтпаңыздаршы. Қыз бақытты болсын бастысы", - деп жазды әнші желіде.

Сондай-ақ, әнші той жасаймын деп артық шашылмау керек екенін жазған.

"7) Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе жасаңыз. Жетпесе қиналып кредитке кірмеңіз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасы болып жүргендер көп...
8) Ұзату тойын күндіз жасасаңыздар жақсы болар еді. Баяғыда күн батпай алып кететін болған. Оның да бір сыры бар шығар.
9) Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді.
10) Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін туфлиларыңызбен бірге киіп жүріп көріңіздер. Ұзын болса қысқартып алдын-ала дайындаңыздар", - дейді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова