Кәмелетке толмаған жігіт айдаған: Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыөзек - Жаркент тас жолының 323-шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктері соқтығысты.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт айдаған анықталды.

Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, сондай-ақ жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережелерін сақтауды қатаң ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!