Алматыда барахолка аумағында шыққан ірі өрт сөндірілді

Алматыда барахолка аумағында шыққан ірі өрт сөндірілді
Фото: Алматы ТЖД

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барахолка аумағында шыққан ірі өрттің сөндірілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыдағы қоймаларда шыққан ірі өрт 12:22-де жойылды, зардап шеккендер жоқ, өртсөндірушілер өрттің көршілес ғимараттарға таралуының алдын алды", - деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өртті жоюға барлығы 120 адам мен ТЖД-ның 33 техникасы, сондай-ақ суды жеткізу үшін коммуналдық қызметтің 7 су тасымалдайтын көлігі мен Алматы қаласының Құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылған.

Өрт болған жерді ІІМ қызметкерлері қоршауға алды.

@massaget.kz #барахолка #жалын #алматы #казахстан #рек ♬ original sound - Massaget.kz

Еске салайық, бұған дейін Алматдағы барахолка базары аумағында ірі өрт шыққаны хабарланған болатын. Кейін Москвин көшесінде алдын ала ақпарат бойынша кеңсе заттары, керек-жарақтар, ұялы телефон заттары бар қоймалар ашық жалынмен өртеніп жатқаны айтылды.

Кейінірек құтқарушылар өртті ауыздықтағаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан