"Тікелей эфирде" балалар мінген "алтыбақан" құлап түсті: әкімдік оқиғаның мән-жайын түсіндірді

"Тікелей эфирде" балалар мінген "алтыбақан" құлап түсті: әкімдік оқиғаның мән-жайын түсіндірді
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы шара кезінде түсірілген видео тарап кетті. Бұл видеода ұлттық киім киген ер адам мен әйел домбырамен өлең айтып жатады. Ал олардың артында тұрған алтыбақанда балалар тербеліп тұрады. Бір кезде алтыбақан құлап қалады. Бұл Арқалықтағы қалалық шара кезінде болған.

Бұл видеоның астына желі қолданушылары жақында Астанада болған жағдайды еске алып жазған: балаға футбол қақпасы құлаған болатын.

Tengri Life редакциясы Қостанай облысының баспасөз қызметіне хабарласып, пікір білдірулерін сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Облыс әкімшілігі 10 тамызда "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығында Қостанай облысындағы қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар барысында этноауылдың тұсаукесері өткенін түсіндірді.

"Киіз үй тігіліп, декорация (соның ішінде, Алтыбақан) қойылып, этноауыл жасалды. Алтыбақан тікелей қолдануға арналмаған. Ол жай декорация. Театр қойылымы басында өлең айтылып басталғанда "Алтыбақан" декорациясына кенеттен балалар жүгіріп келіп, ода тербелгісі келді", - деп жауап берді Арқалық әкімдігінің білім бөлімінде.

Әкімдік бұл күтпеген жерден болғанын және жауапты кезекшілер балаларды тоқтатып үлгере алмағандығын айтты. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

А. Жапатова