15 жыл іздеуде жүрген қырғызстандық азамат Астанада ұсталды  

Полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды.

2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта ер адам Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!