Шымкентте жасөспірім полиция көлігін айдаған: тергеу басталды

Шымкентте жасөспірім полиция көлігін айдаған, полиция тергеу жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде полицияның қызметтік көлігі бейнеленген видео тарады. Рөлде жас жігіт отырған.

Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелері бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.

"Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданады", - деп хабарлады полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!