Тұмауға қарсы сироп ішкен 65 баланың өліміне қатысты іс сотта қаралып жатыр

Тұмауға қарсы сироп ішкен 65 баланың өліміне қатысты іс сотта қаралып жатыр
Фото: nuz.uz

Ташкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты Marion Biotech фармацевтикалық компаниясы шығарған "Док-1 Макс" шәрбатын ішкен 65 баланың өліміне қатысты істі қарай бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған балалардың нақты саны Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәліметінен белгілі болды - бұл көрсеткіш бұрын айтылмаған.

Желтоқсанның аяғында Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қылмыстық іс қозғалғанын, оның аясында импорттаушы Quramax Medical компаниясы мен Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығының лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлады.

Жоғарғы сот мәліметінше, іс бойынша 21 айыпталушы бар (16 ер адам және 5 әйел). Олардың қатарында Quramax Medikal басшысы Сингх Рагневдра Пратар, Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі орталығының директоры, Мемлекеттік сараптама және стандарттау орталығының қызметкерлері бар.

7 адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, 2 айыпталушы кепіл берген.

Еске салайық, былтыр "Док-1 Макс" жөтелге қарсы сиропты ішкен балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Препарат партиясында бактерицид әсері бар пропиленгликоль орнына улы этиленгликоль болған. Бұл ретте Marion Biotech препараттары Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығында зертханалық сынақтардан өтіп, сертификат алған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан