Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтар: айыппұл төлей алмаса, 30 күн жұмыс істейді

Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтар: айыппұл төлей алмаса, 30 күн жұмыс істейді
Фото: instagram.com/seoul_police

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан ел азаматтарына шыққан сот үкімі туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Инчхон қаласының аймақтық соты Қазақстан азаматтарының әрқайсына 3 миллион корей воны шамасында (1 миллион теңгеден асады) айыппұл салып, елден депортациялау туралы шешім шығарғаны хабарланған болатын.

"Егер сотталғанда сот үкім еткен айыппұлды белгіленген мерзімде – 7 күннің ішінде төлей алмаса, оларға 30 күн бойы тегін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі", - делінген Қазақстанның СІМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, еліміздің дипломаттары сотты болған азаматтарға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткен. Олардың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болған. Сот процесіне де қатысқан.

Азамат Қойшығара 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан