Жаңбыр, тұман: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Жаңбыр, тұман: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Фото: elements.envato.com

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді және жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктердің ықпалынан республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ, екпінді жел 15-28 м/с болады.

"Жел күшеюі мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанған. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз, жоғары температура сақталады, 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында әлі де 42 градус ыстық сақталады, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында салқын ауа райы және ауа температурасының күндіз 12-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, оңтүстік-шығыста ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан