Алматы облысында 11 жастағы баланы найзағай ұрды

Алматы облысында 11 жастағы баланы найзағай ұрды
Фото: almoblzdrav/instagram

Алматы облысында 11 жастағы балаға найзағай түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 11 жастағы найзағайдан жарақат алған бала түскені хабарланды. Найзағай соққысынан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған.

"31 шілдеде жедел жәрдем көлігімен 11 жастағы найзағай соққысынан жарақат алған бала түсті. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы орташа ауырлықта болды. Балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдап жатыр", - деді аурухана директорының орынбасары Асқар Қалиев.

Дәрігерлер шілде-тамыз айларында найзағай жерге жиі соғатынын ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан