"Етті дұрыс пісіру маңызды". Жамбыл облысында күйдіргі дертінің 12 дерегі тіркелген

"Етті дұрыс пісіру маңызды". Жамбыл облысында күйдіргі дертінің 12 дерегі тіркелген
Фото: ©Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz

Жамбыл облысында күйдіргі дертінің 12 дерегі тіркелуіне қатысты денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысында тұрғындар арасында күйдіргі ауруының 12 жағдайы тіркелді. Мұның барлығында дерлік індетті жұқтыруға ауру малдарды сою және бөлшектеу, сондай-ақ осы етті тасымалдау әрі сақтау себеп болған", - деді бас санитар-дәрігер.

Сол себептен ол рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет сатып алмауға кеңес берді.

"Сонымен қатар, етті дұрыс пісірудің де маңызы зор. Егер ауру малдың жанында болғаннан кейін шамамен 8 күн ішінде дене қызуының жоғарылауы, терінің қызаруы, жаралар пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Жалпы, малға профилактикалық вакцинация жасау керек", - деді Айжан Есмағамбетова.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!