"Соңғы сапарға шығарып сала алмадым". Айгүл Иманбаева әкесіне жантебірентер жазба арнады

"Соңғы сапарға шығарып сала алмадым". Айгүл Иманбаева әкесіне жантебірентер жазба арнады
Фото: aigul_imanbayeva/instagram

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесіне жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің Іnstagram парақшасына жазып, жариялады.

"Өмір барда, өлім хақ. Менің бір қанатым, әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы жерге тиді. Алланың берген 73 жасын жасады. Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңлім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді… Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне шүкіршілік еттім. Сыртта оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермегенім жаныма батты ғой. Тапқаным кеше ғана еді. Бүгін жоғалттым. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Жаныңыз жәннатта болсын, әке", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????????? (@aigul_imanbayeva)

Желі қолданушылары өнерпазға көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

"Айгүлжан, сендей дарынды қызды қазақ халқына сыйлаған асқар тау әкеміздің жаны жәннатта шалқысын", "Иманды болсын! Бекем болыңыз", "Әкеңіздің иманы саламат болсын", "Алла панасына алсын", "Алла иман байлығын беріп, алдынан жарылқасын", – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін әнші, актриса Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға кететінін тіпті шетелден балалы болып қайтатынын жазған болатынбыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы