"Мені не үшін соттадыңыз?" Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасына үкім шықты

"Мені не үшін соттадыңыз?" Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасына үкім шықты
Фото: Иван Повытчиков/mgorod.kz

Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды. 35 жастағы әйел сот залында қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

9 тамызда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот 9 наурызда Зачаганск кентіндегі жекеменшік үйлердің бірінде зейнеткерді өлтіру оқиғасы бойынша үкім шығарды. 72 жастағы әйел өз үйінен өлі табылған. Күдікті алтын бұйымдарды: сырға, неке жүзігін алып кеткен.

Сәуірде полиция 35 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның үйінен қан жұққан киімдер, пышақ және басқа да айғақ заттар табылған. Кейін адвокат істегі сәйкессіздіктерді алға тартып, полиция басқа адамды ұстағанын мәлімдеді.

2022 жылғы тамызда ұсталған әйел тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелген. Әйелдің бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үйқамаққа алынды.

Сотта 35 жастағы әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтiру" және ҚР ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды. Ол сот залында қамауға алынды. Үкімді алқабилер шығарған.

Сонымен қатар, сотталушы қайтыс болған зейнеткердің туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Әйелдің өзі де, оның қорғаушылары да сот шешімімен келіспеді.

"Мені не үшін соттадыңыз? Мені үйде төрт кішкентай бала күтіп отыр. Мен бұл адамды өмірімде ешқашан көрген емеспін", - деді сотталған әйел.

Әйелдің адвокаты Арман Әбдірашит апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

"Біз соттың бұл шешімімен түбегейлі келіспейміз. Бұл қылмыстық іс қолданыстағы заңды толығымен бұзу, біз оған шағымданамыз. Прокуратура бұл заңбұзушылықтарға мүлдем әрекет етпеді, алайда, сот та", - деді ол.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан