Павлодар облысында жер үйден шыққан өрттен екі жасар бала көз жұмды

Павлодар облысында жер үйден шыққан өрттен екі жасар бала көз жұмды
Фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10:29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жекеменшік үй жанып жатқаны туралы хабар түскен.

"Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті, ол 1, 2-дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке қарай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасы сегізінші баласын дүниеге әкелгелі отыр", - деп хабарлады департамент. 

Өрттің 80 шаршы метр  аумақты шарпығаны анықталды.  

Өрт сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен жойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан