Семейде 1XBET жарнамасының орнына Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленетін болды

Семейде 1XBET жарнамасының орнына Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленетін болды
Фото: Автордан

Семейдегі 1XBET жарнамасы көрінетін баннерде енді Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде 1XBET жарнамасы ілінген үйге қатысты халық пікірі екіге бөлінген болатын. Тұрғындардың көпшілігі қаланың қақ ортасында, мешіттің айналасында ашық жерде жарқырап тұрған жарнамаға наразы болды.

Осы мәселеге қатысты қала әкімі ПИК иесімен сөйлесіп, баннердің орнына Абай Құнанбайұлының суреті тұруы қажет деген ұсыныс білдірген. ПИК иесі бұл бастамаға қолдау танытқан.

Қала басшысының айтуынша, қабырға суреті алдын ала ҚР Суретшілер одағының филиалымен, сәулетшілермен, дизайнерлермен келісіледі. Сонымен қатар, қоғам пікірі ескерілетіні айтылды. Тұрғын үйдің айналасы да абаттандырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz