663 миллион теңге: Астанада мемлекетке жер телімдері қайтарылды

Астана прокуратурасы мемлекетке 700 миллион теңгеге жуық жер телімдерін қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізген.

"Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін  663 миллион теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, жер учаскелері мемлекетке берілгені айтылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!