БҚО-да Ресеймен шекарада бес шетелдік ұсталды

БҚО-да Ресеймен шекарада бес шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан арқылы Ресейге өтпек болған бес шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады.

Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан