"Тегін Wi-Fi қолдану қауіпті". Алаяқтар туристерді қалай алдап жүр?

Жаз - саяхаттау маусымы нағыз қызатын уақыт. Ересектер еңбек демалысына, балалар жазғы демалысқа шығып, шетелге шығуды не Қазақстанның түкпір-түкпірін аралау жайлы ойлана бастайды. Алайда кейде саяхатқа арналған тур таңдаймын деп алаяқтардың құрығына түсіп қалатын жағдайлар болады. Алаяқтарға алданып қалмай, қалай дұрыс саяхаттау керек? Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне "Касперский Зертханасының" Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов айтып берді. 

Валерий Зубановтың сөзінше, алаяқтар алдау схемасын қызу талқыға түсіп жатқан, актуалды жағдайларға байланысты бейімдейді. 

"Сондықтан еңбек демалысы маусымында алаяқтар саяхат сегментіне назар аударады. Себебі осы уақытта турлар мен билеттерге деген сұраныс артады. Ал брендтер өте көп ақпарат тарататындықтан адам "адасып" қалуы мүмкін", - дейді зертхана басқарушы директоры. 

Маманның сөзінше, алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін сайттың адресіне мән берген дұрыс. 

"Жеке мәліметтерін және ақша төлеуге арналған деректерді толтырмас бұрын сайттың адресіне мән беру керек. Тіпті сайттағы мәтінде қате болса оған да мән беру керек. Сонымен қатар, пошта, мессенджер немесе әлеуметтік желі арқылы келетін күмән тудыратын сайттарға өтпеу керек. Күдікті сайттардағы жарнама баннеріне өту де қауіпті. Ал тауарларды онлайн сатып алғыңыз келсе ол үшін қосымша карта ұстағаныңыз дұрыс. Ол жерге аздаған сома ғана салып қоюға болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында ол картаға да қорғаныш салып қойған дұрыс", - дейді Валерий Зубанов.    

Зубанов туризм саласында қандай шабуылдар жасалуы мүмкін екенін үш кейс арқылы түсіндірді. 

Біріншісі - Booking.com қолданушылдарына жасалған фишингтік шабуыл. Мұнда алаяқтар сервисте логин ретінде қолданылатын электронды пошталарды жинаған. 

Екінші мысал - алаяқтар қонақүйлер мен апартамент иелеріне шабуыл жасаған. Алаяқтар жалған сайт жасап қолданушылар мен қонақүй иелерінің логин және құпиясөздерін жинап алған.  

Тағы бір мысал - алаяқтар Airbnb қолданушыларын да аңди бастаған. Алаяқтар сайттың дизайнына дейін көшіріп алған. 

Мұнда апартаменттерді жалға беру ұсынылады. Ол үшін қолданушы белгісіз бір агентке банк картасы арқылы төлем жасауы керек болады. 

Валерий Зубанов онлайн-алаяқтықтың шегі жоғын айтады. Ал туризм саласында алаяқтықтың үш негізгі түрі бар.  

Біріншісі - билет арқылы алдау. Сарапшылар түрлі әуе компанияларының және билеттер сататын сайттарға қатты ұқсас жалған сайттар болады. Оның кейбірінде рейстер туралы шынайы ақпарат болуы мүмкін. Алайда артынша қолданушылар ешқандай билетті қолына алмайды. Мұндай алаяқтардың мақсаты - ақша ұрлап, қолданушының деректерін өз мақсатына қарай қолдану. Кейде олар деректерді даркнет арқылы сатуы мүмкін.  

Екіншісі - пәтерді жалға алудағы алаяқтар. Олар танымал платформаларда адамды бағасымен, әдемі суреттерімен, арзан бағасымен қызықтыратын жарнама жариялап қояды. Алайда әтерді жалға алып, ақшасын төлегеннен кейін жарнама авторлары алаяқтар болып шығады.  

Туризмдегі алаяқтықтың тағы бір түрі - қонақүйде бөлме жалдаумен байланысты. Алаяқтар жалған сайт жасайды. Қолданушылар сайтқа бұрын тіркелген логин және құпиясөзімен кіруі керек болады. Осылайша аляқтар қолданушы туралы деректерді алып, жеке мәліметтерін қолды қылады.  

Валерий Зубановтың сөзінше, жалған ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстары үнемі жүріп тұрады. Маман қауіпсіздік мақсатында бірнеше  

  • Танымал әрі сенімді сайттарды қолдануға тырысыңыз. Билеттерді арзан бағада ұсынатын күдікті сайттардан аулақ болыңыз
  • Сайтты тексеріп алыңыз: қандай да бір операция жүргізбес бұрын немесе жеке мәліметтеріңізді толтырар алдында сайттың URL-ін тексеріп алыңыз
  • Барлық құрылғыда онлайн-алаяқтықтан қорғайтын сенімді бағдарлама орнатып алыңыз. 

Сонымен қатар, қандай да бір кафе немесе әуежайдағы тегін Wi-Fi-ды қолданбаған жөн. Саяхаттаушылар интернет-банкингке қоғамдық Wi-Fi арқылы кіріп онлайн тауар сатып алып, веб-сайттарға кіріп жатады. Алаяқтар осы уақытта туристердің жеке деректерін немесе тіпті ақшасын ұрлап алуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық орында тегін Wi-Fi қолдану да қауіпті болуы мүмкін.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!