Қостанай облысында жел соғып, қайық аударылып қалған. Балықшы іздестіріліп жатыр

Қостанай облысында жел соғып, қайық аударылып қалған. Балықшы іздестіріліп жатыр
Фото: elements.envato.com/көрнекі сурет

Қостанай облысында қайық аударылып, суға батып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірнеше оқыс жағдай туралы хабарлады.

Қостанай облысында қатты жел салдарынан үрлемелі қайық аударылып қалған. Балықшыда құтқару кеудешесі болмаған. Оның денесі әлі іздестіріліп жатыр.

"Бір оқиға Қостанай қаласының Құнай ауылында, екіншісі ресми шомылу орнында тіркелген, бұл - "Мохито" демалыс орталығы. Екі оқиға да "алкогольдік ішімдіктерді пайдалануы" дерегі бойынша тіркелген", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Құрманғазы Тәуекелов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан