91 тобы күтпеген мәлімдеме жасады

91 тобы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/ninetyone

Ninete one тобы оқырмандарын ойландырып қойды. Олар желіде оқырмандары қойған сұраққа жауап беріп, топтың тарап кетуі туралы мәлім етті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кьпоп жанрында өнер көрсетіп, жастардың хитменіне айналған 91 тобы жанкүйерлері күтпеген мәлімдеме жасады. Олар tiktok желіде медитациямен отырып бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

"Қысқа керемет кеш өткіземіз. Одан кейін қанша жылға екені белгісіз 1-2 жыл немесе одан көп біз демалысөа кетеміз. Біз бұл образдан демалғымыз келеді. Мүмкін төртеуміз төрт жаққа кетеміз бе оның бәрі бірнеше жыл ішінде шешіледі. Мүмкін басқа сала да өзімізді сынап көруіміз мүмкін. Қайта оралғанның өзінде бәрі бұрынғыша болмауы мүмкін",- дейді топ құрамы.

@ninetyone01 Тағыда көптеген моменттер бар но оған 2 часть керек @Ninety One @ZAQ @ACE @ALEM #91GAP #актау #ninetyonetour2023 #91gap #gaptour #ninetyone #fyp #рекомендации #рек ♬ оригинальный звук - ninetyone01

Бұл мәлімдемені естіген топтың жанкүйерлері eaglz топтың тарамауын өтініп, пікір қалдырды.

"Неге төртеуміз төрт жаққа кетуіміз мүмкін деді?","Тарамаңыздаршы өтінем тарамаңыздар","Қысқа дейін мүмкіндік бар концертке баруға","Тараймыз деген кезде қатты жыладым","Тарап кетпесе болғаны",-деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін топ құрамындағы (Bala) Данияр Құлымша кореялық жігітпен қалай төбелесіп қалғандығын жазған болатынбыз. Ол туралы осы жерден оқып біле аласыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы