Қарағандыдағы балалардың улануы: екеуінің жағдайы өте ауыр

Қарағандыдағы балалардың улануы: екеуінің жағдайы өте ауыр
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында уланған балалардың екеуінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.  

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ауруханаға түскен 14 баланың 7-сі сауығып, ауруханадан шықты. Олар дәрігелердің бақылауында. 

"Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Төрт баланың жағдайы оң динамикамен әлі ауыр, екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр.   

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Алдын ала нәтижелер аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқ екенін көрсетті. Дәрігерлер жағдайдың себебі - токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды", - дейді министр. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында бірнеше бала уланып, бір бала көз жұмғанын хабарлаған едік. Кейін осы оқиғаға қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина