Шымкентте жер үйден өрт шығып, екі ер адам тірідей жанып кетті

Шымкентте жер үйден өрт шығып, екі ер адам тірідей жанып кетті
Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

Өрт Әл-Фараби ауданы Циалковский көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына барғаннан кейін 100 шаршы метр жердің құлағанын, 60 шаршы метр болатын сарай, "Газель" көлігі және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол) толығымен өртенгенін анықтады", - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Өрт 05:18-де ауыздықталып, 06:18-де сөндірілді.

1953 жылы туған және 1985 жылы туған  ер-азаматтардың мәйіті табылды.

Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өртті сөндіруге Шымкент төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан