5 миллион теңгеге дейін берілетін шағын несиені қалай алуға болады?

Елімізде жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шағын несиелеу бағдарламасы бар. Жастарды шағын несиелеудің шарттары қандай және бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады? Massaget.kz тілшісі Agrocredit.kz сайтындағы мәліметтерге сүйене отырып, бұл бағдарлама бойынша толық нұсқаулық ұсынды.

Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады.

Шағын несиелеудің шарттары қандай?

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%;
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін;
  • Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Шағын несиені кімдер ала алады?

  • Қарыз алушының жасы 21 жастан 35 жасқа дейін болуы керек;
  • Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс;
  • Қарыз сомасын 100% өтей алатын кепіл болуы тиіс. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
  • Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Шағын несие беру процесі қалай жүреді?

  1. Аграрлық несие корпорациясының кеңсесіне құжаттар тапсыру керек;
  2. Берілген мәліметтер негізінде Аграрлық несие корпорациясы жобаға талдау жүргізеді. Содан соң олар жобаны конкурстық комиссияға жібереді. Конкурстық комиссия жоба бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.
  3. Жобаңыз конкурстық комиссиядан өтсе, аграрлық несие корпорациясы келісімшарт дайындап, несие қаражатын қарыз алушыға аударады.
  4. Қарыз алғаннан кейін клиент шағын несиені мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар тапсыруы тиіс.
  5. Содан соң қарыз алушы қарызды уақытылы өтеуі керек.

Шағын несие алуға өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жоба бойынша бизнес-жоспар;
  • қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
  • қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
  • қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
  • кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
  • кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Құжаттарды қайда тапсыру керек?

Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.

  • Абай облысындағы филиалдың мекенжайы: Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 23-А, "Өрлеу" БО, 3 қабат;
  • Ақмола облысындағы филиалдың мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі 96;
  • Ақтөбе облысындағы филиалдың мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 77, 3-қабат;
  • Алматы қаласы мен Алматы облысындағы филиалдың мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Сәтпаев көшесі, 5;
  • Жетісу облысындағы филиалдың мекенжайы: Талдықорған қ., 7 ш.а., 10 үй, БО Көктем Гранд;
  • Астана қаласындағы филиалдың мекенжайы: Астана қ., Тұран даңғылы 19/1 Эдем БО;
  • Атырау облысындағы филиалдың мекенжайы: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 13-а;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы филиалдың мекенжайы: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51;
  • Жамбыл облысындағы филиалдың мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 93-а, 4 қабат;
  • Батыс Қазақстан облысындағы филиалдың мекенжайы: Орал қ., Мұхит к-сі, 27/2;
  • Қарағанды облысындағы филиалдың мекенжайы: Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы 53/1, 2 қабат;
  • Қостанай облысындағы филиалдың мекенжайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 39, Банк ЦентрКредит ғимараты;
  • Қызылорда облысындағы филиалдың мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 123;
  • Маңғыстау облысындағы филиалдың мекенжайы: Ақтау қаласы, 29 шағынаудан, №225 ғимарат, 3 қабат;
  • Павлодар облысындағы филиалдың мекенжайы: Павлодар қ., Луговая к-сі, 16, инвесторлар Үйі, 5 қабат;
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалдың мекенжайы: Петропавл қ., Букетов көш., 31-а үй, 201-205 кеңсе;
  • Түркістан облысындағы филиалдың мекенжайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов көшесі, 33-б;
  • Ұлытау облысындағы филиалдың мекенжайы: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер гүлзары 40А;
  • Шымкент қаласындағы филиалдың мекенжайы: Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 3.

Шағын несие қандай мақсаттарға берілмейді?

Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек. Ал ол қандай мақсаттар үшін берілмейді?

  • тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
  • бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
  • қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
  • ойын бизнесін ұйымдастыру және дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
  • моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
  • темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар;
    кредиторлық берешекті өтеу;
  • бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсат.

2023 жылы қандай бағдарламалармен баспана алуға болады? Мына жерден оқыңыз.