Медеу ауданы судан уақытша ажыратылады

Медеу ауданы судан уақытша ажыратылады
Фото: elements.envato.com

Медеу ауданының кейбір аумақтары судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Алматы Су" МКК өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Алғабек