Елена Рыбакина әлемдік рейтингідегі 3-орнын жоғалтады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина келесі аптадан бастап әлемдік рейтингідегі 3-орнын жоғалтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өйткені америкалық теннисші Джессика Пегула Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті. Ол финалға өте алмағанымен, осы жетістігінің арқасында рейтингіде үшінші орынға көтеріледі. Бұл турнирге қазақстандық теннисші қатыспады.

Қазіргі рейтингіде Елена Рыбакина 5 465 ұпаймен 3-орында, ал Джекссика Пегула 5 395 ұпаймен 4-орында тұр. Енді АҚШ теннисшіне өз еліндегі турнир бойынша 85 ұпай қосылып, барлығы 5 480 ұпай болады. Ал Елена Рыбакинаның ұпайы одан 15-ке аз болып тұр.

Елена Рыбакина 2023 жылғы "Үлкен Дулыға" санатындағы Уимблдон турнирінен кейін әлі ешқандай жарысқа қатыспады. Ол жуырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін WTA 1000 турниріне дайындалып жүр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз