Қарағанды облысындағы шахтада 34 жастағы үңгушіні кен "басып қалды"

Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасында 34 жастағы үңгуші зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 05:00 шамасында болған. Кеніштегі бұрғылау жұмысы кезінде кен опырылып, ер адамды басып қалған.

"УПР-1 учаскесінің жұмысшылары үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті, кейін ол шахтаның үстіне шығарылды және шокқа қарсы реанимациялық бригада Қарағандыдағы Мақажанов атындағы емханаға жеткізді", - деп хабарлады "АрселорМиталл Теміртау" баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 1-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!