Алматы облысында мектеп оқушыларының төбелесі өліммен аяқталды

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосын kris_p_issyk парақшасы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан жасөспірімдердің жаппай төбелес кезінде таяқтарды қолданып, бірін-бірі боқтап жатқанын көруге болады, қарудың дауысы да анық естіледі.

Жазбада төбелеске үлкен балалардың ақша сұрауы себеп болғаны айтылған.

"Төбелес кезінде 17 жастағы бір жасөспірім қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша төртеуі түрлі жарақат алып, ауыр халде жатыр", - делінген жазбада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!