Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп "қарасора" табылды

Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп "қарасора" табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 тамызда "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласы Коминтерн ауылында 1958 жылы туған зейнеткер ұсталды. Тәртіп сақшылары қарияның тұрғылықты жерін тексеру кезінде үйдің ауласында өсіру іздері бар 8 түп "қарасора" тұқымдасының өсімдіктері тауып, тәркіледі. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол өсімдікті көктемде егіп, өңдеген.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!