Ақмола облысында жүргізу құқығынан айырылған ер адам көлікті мас күйде айдап жүрген

Ақмола облысында жүргізу құқығынан айырылған ер адам көлікті мас күйде айдап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 31 шілдеде Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылында болған. Полицияға ауыр жүк көлігінің жүргізушісі хабарласып, "Ваз-2115" маркалы автокөлікті басқарған белгісіз адам оның көлігін "қағып кеткенін" хабарлады.

Ұсталған адам еркін қол жеткізу арқылы көліктің тұтану құлпында қалдырған кілттерін иемденіп, ұрлау мақсатынсыз көлікті ұрлап кеткені анықталды.

Одан бөлек, есепке алу бойынша тексеру барысында ер адамның бұрын ҚР ҚК 99-бабы - "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, ал 2019 жылы ҚР ӘҚБтК 608-бабы - 1-бөлігіне сәйкес 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын көрсетті.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 346-б. "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша, ҚР ҚК 200-бабы - "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!