Павлодар облысында әкімдерге көшуге бір ай уақыт берілді

Павлодар облысында әкімдерге көшуге бір ай уақыт берілді
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысындағы кейбір ауылдық округтердің басшылары өздері басқаратын ауылдарда тұрмайды. Оларға көшуге бір ай уақыт берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов шаруалармен кездесуде білген.

"Абай" атындағы ЖШС басшысы Николай Миллердің сөзінше, Ертіс ауданы Голубовский ауылдық округінің әкімі ауылдың өзінде тұрмайды, сондықтан ол тұрғындардың мәселесіне жедел әрекет ете алмайды екен. Мұндай жағдай Щербатинский ауданындағы Сосновка ауылында да байқалған.  

Облыс әкімі аудан әкімдеріне мониторинг жүргізуді тапсырды. Байханов екі ауылдың әкімінен бір айдың ішінде көшуді тапсырды. 

"Осы мәселені шешіңіздер. Көшу үшін бір ай беремін немесе қайтадан сайлау өткізетін боламыз. Әкімдер өз ауылында не болып жатқанын қалай біледі, телефон арқылы ма?", - дейді Асайын Байханов.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина