Балғынбек Имаш пен Жеңіс Сейдоллаұлы құда атанды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш пен әнші Жеңіс Сейдоллаұлы құда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балғынбек Имашевтің қарындасы - Назым Жеңіс Сейдоллаұлының әулетіне ұзатылған.

Мұны айтыскер ақын Данияр Алдаберген Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Кеше Балғынбек ағамыздың әулетінде қуаныш болып, Назым қарындасымызды ұзаттық. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық үлгідегі тамаша думан болды. Осы іс-шараға үлес қосқан барша бауырларыма Алла разы болсын!

Жеңіс аға мен Алма жеңгем құдаларды бастап келгенде іштей мәз болдым. Көптен көрмеген сыйлас жақындарыңды кездестірсең көзіңе оттай басылады екен. Ағамыздың әні кештің сәні болды!", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз