Ақкенттегі өрт кезінде тұрғындарды құтқарған түрік азаматы марапатталды

Ақкенттегі өрт кезінде тұрғындарды құтқарған түрік азаматы марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркияның Алматыдағы консулдығы хабарлады.

"Алматыдағы өрт кезінде әріптестерімен бірге адамдарға көмектесіп, бір әйел мен оның үш баласын аман алып қалған азаматымыз Шүкір Гүнайға және басқа да азаматтарымызға гуманитарлық құндылықтары мен түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматының Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде Түркия азаматы Шүкүр Гюнай 16-қабатта қалған балаларды құтқарған. Ол әріптестерімен бірге бұл туралы Massaget.kz тілшісіне айтып берген еді.

"Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорықпадым", - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!