Алматының бірнеше ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер 7 тамыздан бастап Алматының төрт ауданының аумағында сегменттік түрде енгізіледі.

Ыстық су мына көшелердегі тұрғын және басқа ғимараттарға берілмейді:

Түрксіб ауданы:

  • 7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінің контурында;
  • 21-25 тамыз аралығында - Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;

Жетісу ауданы:

  • 21-25 тамыз аралығында-Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;

Наурызбай ауданы:

  • 7-8 тамыз аралығында-Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;

Медеу ауданы:

  • 14-18 тамыз аралығында-Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;
  • 14-19 тамыз аралығында - Казачка өзені - Құлжа трактісі-Атырау-1 - ықшамауданы.

Бұл шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!