Шымкентте полицей анасы мен қызын қызметтік көлігімен қағып кеткен

Шымкентте полицей анасы мен қызын қызметтік көлігімен қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 тамызда сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция басқармасының жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт Шымкент қаласы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

"Қажет сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеумен Полиция департаментінің анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!