"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі өмірден өтті

Атақты "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабар ансамбльдің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. 

"Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі әрі барабаншы еді. "Дос-Мұқасан" ансамблі марқұмның балалары, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, ансамбль 1967 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды.

Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!