Жамбыл облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Жамбыл облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Жамбыл облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында өртті сөндіру жалғасып жатыр. ТЖМ тікұшағы тартылды.

"Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндіріліп жатыр. ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруде жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Елді мекендерде зардап шеккендер жоқ.

Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақкенттегі өртте жоғары қабаттан секіріп қаза тапқан әйелді туыстары ақтық сапарға шығарып салғанын хабарлаған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Алғабек