FlyArystan-да халықаралық рейстерге ақылы тіркелу уақытша тоқтатылды

FlyArystan-да халықаралық рейстерге ақылы тіркелу уақытша тоқтатылды
Фото: FlyArystan баспасөз қызметі

FlyArystan әуе компаниясы өкілдері бұған дейін халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеген еді. Алайда компанияда бұл қызметке байланысты келеңсіздіктер туындаған, сондықтан ақылы тіркеу қызметі уақытша тоқтатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, бұл қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болдып, туындаған мәселелерді шешкенше, бұл қызметті іске қосуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыға толық қаражат қайтарылады", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, 3 шілдеден бастап компанияда халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу іске қосылды. Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, бүкіл әлемнің лоукост (бюджеті аз әуе компания - еск.) тасымалдаушылары онлайн тіркеу қызметін қосқан, оның орнына әуежайда ақылы түрде тіркейді. Осылайша, олар әуежайда тіркеу процестерін оңайлатқан.

"FlyArystan-ның онлайн өнімін пайдалану тіркеу бағаналарында кезек күтетін жолаушылар санын азайтады және әуежайдағы рейс алдындағы процедуралардың жылдамдығын жеделдетеді. FlyArystan бұл өнімді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі нарыққа шығарды және бұл - үлкен жетістік. Бұл өзгерістің нәтижесі таңғаларлық: жолаушылардың 80 пайыздан астамы қазір онлайн тегін тіркеледі. Бұл 1,3 миллионнан аса жолаушы әуежайлардағы кептеліс пен кезектерді болдырмау мүмкіндігін пайдаланғанын білдіреді", - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін халық FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болып кеткеніне наразылық танытқаны хабарланған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова